«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау жөніндегі отырысы өтті.

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау жөніндегі отырысы өтті. 01.11.2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша ақпараттық-түсіндірме іс-шаралары жоспарына сәйкес мақаланың негізгі ережелерін талдау өткізді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз. Б іргелі мақаланы біз Мемлекет басшысының игі бастамаларымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» және «Халық- тарих толқынында» бағдарламаларының заңды жалғасы сияқты, Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдау қажет.

1.png

А. Мүбәракова

А. Мүбәракова - «Қазақ әуендері» АҚ-ның менеджер-редакторы.

Алдарыңызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы жалпы мағлұматты, ішіндегі басты тақырыптар мен бізге қажетті ақпараттарды ұсынып отырмын. Жалпы мақала 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім – ХХІ ғасырдағы Ұлттық сана туралы. Ол өз ішінен

Бәсекеге қабілет;

Прагматизм;

Ұлттық бірігейлікті сақтау;

Білімнің салтанат құруы;

Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы;

Сананың ашықтығы болып бөлінеді.

2-бөлім. Таяу жылдардағы міндеттер деп аталады.

Осы бөлімге тоқталғым келеді. Өйткені бұл бөлімде біздің Қоғам жұмысының негізгі міндеттеріне қатысты мәселелер көтеріледі.

Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.

Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы іріn бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.

Бұл жоба нені көздейді?

Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.

Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.

Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.

Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.

Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде

Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.

Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек.

Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.

2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырамыз.

Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр­лық­тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.

Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.

Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.

Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

Меніңше «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының алдында осы міндеттерді таяу мерзімде жүзеге асыру міндеті тұр.

2.png

Кәрімбаев Ерлан

Кәрімбаев Ерлан – «Қазақ әуендері» АҚ-ның менеджері: Қазақстанның мәдениет саласының осындай әлемдік деңгейде өркендеуі Елбасының сындарлы саясатының арқасы деп білемін. Біздің мемлекет әлдеқашан ЮНЕСКО-мен конструктивті қатынас орнатқан және бұл тұрғыда үлкен тәжірибеге ие. Қазақстан тарапы айтулы бастамалар ұсынып, аталған ұйым оларға қолдау білдіріп келеді.

Қазақстан 2013-2022 жылдар аралығындағы «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық он жылдығына» бастамашы болды.

Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда ЮНЕСКО аясындағы мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталық құру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Қазақстан мен ЮНЕСКО бастамасы негізінде Ұлы Жібек жолы бойы халықаралық онлайн-платформасы ресми түрде өз жұмысын бастады.

Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде жүзеге асып жатқан «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы - бұл халықаралық мәдени байланыс пен өзара диалогты нығайтатын тағы бір маңызды бастама.

Бұдан бөлек, отандық мәдениет пен әдебиеттің озық үлгілерін шетелдік аудиторияға таныстыру үшін бірқатар шаралар ұйымдастырылмақ. Біздің бүтін мәдени байлығымызды сауатты көрсету үшін халықаралық әріптестермен бірге жұмыс атқарған дұрыс.

Латын графикасына өтуді өзекті мәселелердің бірі деп білемін. Болашағымызды бүгіннен ойласақ – қазірден осы жобаның ойдағыдай өтуіне атсалысуымыз керек деген ойдамын.

3.png

Н. Әбжамилов

Н. Әбжамилов – «Қазақ әуендері» АҚ-ның менеджері: Бұл өте нақты өзекті мәселелерді қозғаған дүниежүзілік деңгейдегі мақала болып отыр.

Мен қазан айының 13-20 аралығына Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тұсаукесеріне қатыстым. Алғаш рет жоғары деңгейдегі халықаралық шарада Қазақстанның мәдени жетістіктері, тарихы мен салт-дәстүрі таныстырылды. Сондай-ақ ғалымдар және сарапшылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға Қазақстанның Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жүзеге асырылу барысын баяндады. «2017 жылдың 17 қазанында Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб пәтерінде Елбасының бағдарламалық мақаласы мен рухани жаңғырудың 6 негізгі жобасы таныстырылады. Ол - «Туған жер», «Қазақстанның сакральді географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» жобалары», - деді министр.

Осы орайда Арыстанбек Мұхамедиұлы ЮНЕСКО штаб пәтерінде қазақ мәдениетімен танысуға кең мүмкіндік жасалатынын атап өтті.

«Сонымен қатар онда Қазақстан туралы ғылыми-танымдық фильм, Көшпенділер әлемі: Алтын адам шеруі», отандық суретшілердің көрмесі, отандық авторлар кітабының таныстырылымы, музыканттар кеші өтіп, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасынан іріктеліп алынған мәдениет қайраткерлер қатысады», - деп түйіндеді министр.

ЮНЕСКО-да мемлекеттік бағдарламаны бірінші мемлекет ретінде Қазақстан ұйымдастырып отыр. Әрине, бұл бағдарламаның орны ерекше. Біз бүгін көрмені болсын, басқа концерттік бағдарлама болсын, халықаралық дәрежедегі симпозиум болады. Оның барлығының берері көп. Халықаралық дәрежедегі көптеген ғылыми қызметкерлер атсалысып жатыр. Америка, Франция, Ресейден келіп жатқан ғалымдар да бар.

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған идеялар заманауи әлемдік үрдістер және трендтермен үндес әрі сабақтас. Ол - тек отандастарымыз үшін ғана емес, дүниежүзілік қауымдастықтар үшін де үлкен маңызға ие жоба. Сол себепті аталған бағдарламаның таныстырылымын жоғарғы дәрежеде өткізілді.

«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы өз тарапынан осы шараға «Ұлы дала сазы» атты Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концертті жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізді. Бұл концертке Бекболат Тілеухан, Майра Мұхамедқызы, Димаш Құдайберген, Еділ Құсайынов, «Астана Балет» театрының артистері, «Астана Опера» МОБТ-ның солистері, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ұжымы секілді Қазақстанның өнер шеберлерінің, сондай-ақ Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры бірігіп өткізген «Балалар Әлем ырғағында» ІІ Фестивалінің жеңімпаздарының қатысты.

4.png