«Жыр арқауы – Астана»

Баспасөз парағы

2018 жылғы 20-21 қазан аралығында «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жыр арқауы – Астана» Халықаралық ақындар айтысы өтеді.

Айтыс – қазақ руханиятының алтын қазынасы, мәдени мұрасы. Ғасырдан ғасырға, атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан асыл мұра, өз бойына өнердің бірнеше түрін қамтыған жанр ретінде жас ақын-жыршылардың тәжірибе мектебі.

Осы киелі мұраны насихаттап, талантты жастарымыздың шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш Халықаралық ақындар айтысын өткізеді.

Іс-шараға Қытай халық Республикасынан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан және Қырғыз елінен келген саңлақ ақындар мен республикамыздың айтыс додаларының жеңімпаздары, қазақ елінің белгілі өнер қайраткерлері қатысады. Әділ-қазылар мүшелерінің бірі Венгрия Республикасының астанасы Будапешт қаласының Лакителек Халық институтының аға оқытушысы Айша Мандоки: «Айтыс — қазақ xалқының бірегей құндылықтарының бірі. Сондықтан, Еуропаның төріндегі Мажар елінен келіп қатысуға құлшынысым артпаса, кеміген емес. Себебі, қазақты жанындай сүйген менің жарым, түркітанушы мажар ғалымы Мандоки Иштан Қоңырдың өзі айтысты аса қатты құрметтеуші еді», — деп ағынан жарылды.

Осындай дүбірлі ақындар додасында кездесуге асығайық, ағайын!

Билеттер қаланың барлық кассаларында BiletiAstana.kz

+7 778 347 88 01; +7 702 928 59 97