Дни ВГИК в Республике Казахстан

Дни ВГИК в Республике Казахстан

13 мая в театре «Астана Балет» пройдет спектакль актерского факультета Мастерской Народного артиста РФ Ясуловича И.Н. – «Евгений Онегин» (А.С. Пушкин).

Напомним, Всероссийский государственный институт кинематографии (ВГИК) в 2019 отметит свое 100-летие, подготовка к нему уже идёт полным ходом. В юбилейной программе – культурно-просветительские, образовательные и научные мероприятия, которые пройдут не только в России, но и за рубежом. В период с 13 по 17 мая ВГИК проведёт юбилейные мероприятия в Казахстане.

Бүкілресейлік кинематография институтының профессорлары қазақстандық студенттер үшін шеберлік сыныптарын береді

14 мамырда Астанаға С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография интситутының (БМКИ) басшылығы, профессорлық құрамы, сондай-ақ ең дарынды студенттерінен құрылған шығармашылық тобы келеді.

БМКИ 2019 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтеді, оған дайындық қазірден басталып кетті. Институт Ресейде ғана емес, шетелде де мәдени-ағартушылық, білім беру мен ғылыми іс-шараларын өткізеді. БМКИ-дің шетелге алғашқы шығуының бірі Қазақстан болып отыр. Осы сапар барысында институттың ең дарынды студенттері астаналық және алматылық көрермендер үшін: «Евгений Онегин», «Много шума из ничего» және «Говорящий немой» атты үш спектакль ұсынады. Профессорлық құрам кәсіби қазақстандық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін режиссура, анимация, сахналық қозғалыс, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді.

13-17 мамыр аралығында өтетін «Евгений Онегин», «Много шума из ничего» және «Говорящий немой» спектакльдеріне билеттер сатылымға түсті. Оларды онлайн режимде www.kassir.kz

 сайтында сатып алуға болады.