Қырғыз мәдениеті күндерінің салтанатты жабылуында Тоқтоболот Әбдімомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының «Саманчынын жолу» спектаклі қойылды. Айта кетейік, бұл Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы» шығармасының желісімен қойылған. Спектакльдің режиссері Марат Козукеев. Шығармада адамзат баласының соғысқа қарсылығы, бір тағдыр арқылы Жер бетіндегі барша әйелдің трагедиясы, өмір үшін күрес суреттеледі. Қойылым аталған театр репертуарына жуырда қосылған.
Қырғызстан мәдениеті күндері делегациясын Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясатының министрі Алтынбек Мақсұтов басқарып келді. Мәдени іс-шараға Қырғызстаннан 300-ден астам адам қатысты. Атап айтсақ, халық әртістері, халық ақын-жазушылары, кино майталмандары, ғылым докторлары және КСРО халық әртісі Самара Тоқтақұнова бастаған қоғам қайраткерлері, Тоқтоболот Әбдімомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры, Әбдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театры, Камералық хор және камералық оркестр Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы, Нұрдин Түгелов атындағы «Ақ марал» мемлекеттік би ансамблі, Шалағыз Исабаев атындағы «Қамбарқан» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Қарамолдо Орозов атындағы халық аспаптар академиялық оркестрі, Асанқан Жұмахматов атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, «Манас» ұлттық театры, Қырғызстан жазушылары, суретшілері мен кинематографистер одағы, Қырғызстан ұлттық тарихи музейі, «Ақақ» комузистері, дизайнерлер мен режиссерлер бар.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді