Атақты әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтті. Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ренат Гайсин, Жұбаныш Жексенұлы, Медет Шотабаев және тағы басқалар өнер көрсетті.
Іс-шараны ашқан Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әншінің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізу Роза Бағланованың сіңірген еңбегі мен талантын жоғары мойындау екенін атап өтті.
«Роза Тәжібайқызының шығармашылығы мен өмір жолын Қазақстаннан тыс жерлерде біледі. Ол біздің мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттай отырып, көптеген елдерге гастрольдік сапарлармен шыққан. Оның бұлбұл дауысы 50-ден астам елдің көрерменін таңдандырды. 1957 жылы ол Венгрия, Германия, Қытай, Польша, Чехословакия, Ауғанстан, Үндістан, Австрия, Бельгия, Бирма, Швеция, Канадада концерттер берді. Оның репертуарында қазақ халық әндері, заманауи композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты. Мұның бәрі Роза Бағланованың жай әнші емес екенін, оның есімі тарихта алтын әріптермен жазылған бүкіл дәуірдің алтын дауысы екенін көрсетеді», — деді Дәурен Абаев.
Айта кету керек, өткен жылы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданды және ол тізімге Қазақстанның ұсынысы бойынша Роза Бағланованың 100 жылдығы қосылды.
Сонымен қатар, Парижде Дәурен Абаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулемен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын және одан әрі ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
В Париже состоялся праздничный концерт в честь 100-летия Розы Баглановой
В рамках 100-летнего юбилея прославленной певицы Розы Баглановой в Штаб-квартире ЮНЕСКО в Париже состоялся концерт мастеров искусств Казахстана. На сцене выступили заслуженная артистка Казахстана Майра Мухамедкызы, заслуженные деятели Казахстана Ренат Гайсин, Жубаныш Жексенулы, Медет Чотабаев и многие другие.
Открывая мероприятие, министр культуры и спорта Казахстана Даурен Абаев отметил, что включение 100-летнего юбилея певицы в календарь памятных дат ЮНЕСКО является высоким признанием заслуг и таланта Розы Баглановой.
«Творческий и жизненный путь Розы Тажибаевны знают далеко за пределами Казахстана. Она много гастролировала, популяризируя нашу культуру и искусство. Ее соловьиным голосом восхищались зрители более 50 стран. В 1957 году она давала концерты в Венгрии, Германии, Китае, Польше, Чехословакии, Афганистане, Индии, Австрии, Бельгии, Бирме, Швеции, Канаде. В ее репертуаре гармонично нашли отражение казахские народные песни, произведения современных композиторов, песни народов мира. Все это говорит о том, что Роза Багланова – не просто певица, она является голосом целой эпохи, чье имя золотыми буквами вписано в историю», — сказал Даурен Абаев.
Необходимо отметить, что в прошлом году был принят список международных юбилеев ЮНЕСКО на 2022-2023 годы, и по предложению Казахстана в него было добавлено 100-летие Розы Баглановой.
Наряду с этим, в Париже Даурен Абаев встретился с Генеральным директором ЮНЕСКО Одри Азуле. Стороны обсудили широкий круг вопросов культурно-гуманитарного взаимодействия и перспективы дальнейшего сотрудничества.
Танымалды
-
24-27 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Мәдениет күндері өтеді
-
Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
«The Voice» Халықаралық имидждік жобасының үшінші кезеңі өтеді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының Гала-концертін тамашалады
-
«Анев-2024 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді